Министрлік көктемгі каникулда оқушылар неше күн демалатынын мәлімдеді

Қаракөз Амантай 15 мар. 2024 14:07 1527

Биыл оқушылар наурызда 11 күн демалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің каникулдар кестесі бойынша, көктемгі демалыс 21 наурыздан 31 наурызға дейін созылып, жалпы саны 11 күнді құрады. Сәйкесінше, сабақ 1 сәуірден басталады.

Еске салайық, премьер-министрдің орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, биыл оқу жылының соңғы күні 25 мамыр болатынын атап өткен болатын. Осылайша мектеп оқушылары 26 мамырдан бастап үш айға созылатын жазғы каникулға шығады.


Рекомендовать
Последние новости