Моңғолия парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды

Dalanews 06 июл. 2016 08:16 1048


Шілденің 5-і күні Моңғолияда жаңадан сайланған парламент депутаттары ант қабылдады. Олардың арасында үш этникалық қазақ бар.







Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Маусымның 29-ы күні Моңғолияда парламент сайлауы өтті. Үш партия қатысқан сайлауда Моңғолия халық партиясы (елді 1990 жылдарға дейін басқарған бұрынғы компартия мұрагері, маркстік идеологиядан бас тартып, социалистік партияға айналған, жұрт «Қызыл партия» дейді) парламенттегі 76 орынның 65-ін алып, «билік партиясы» атанды.

[caption id="attachment_17123" align="alignright" width="429"]F8E8C922-F094-4C38-A2C0-C6C1CB007304_w610_r0_s Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорждің (алда) парламент сайлауына дауыс беріп жатқан сәті. Улаанбаатар қаласы, 29 маусым 2016 жыл.[/caption]

 Ал оған оппонент болып келе жатқан, 1990 жылдары құрылған демократиялық партия («Ардчилсан нам» не «Ақ партия») атынан — 9 депутат, Моңғол халық-революциялық партиясы (бұл ұйым «Қызыл партиядан» бөлініп шыққан) атынан — 1 депутат, дербес 1 депутат сайланды .



Рекомендовать
Последние новости