Мен Головкиннен қорықпаймын – IBF чемпионы

Dalanews 11 дек. 2016 16:52 864

IBF нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтың чемпионы америкалық Джермалл Черло BoxingScene-ге берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» газеті.

Болашақта Черло Головкиннің салмағына көтеріліп, кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Мұндай сынақтан бас тартпаймын. Бұған дейін де өзіндік стилі бар, техникалық жағынан мықты талай боксшымен күн сынасқанмын. Көзімді ашқаннан бокста келемін. Сол үшін мен ешкімнен қорықпаймын. Менің командам қажетті уақытта кездесу ұйымдастыруы мүмкін», – деді ол.

26 жастағы спортшы Головкин секілді ешқашан жеңілген емес. Барлығы 24 жекпе-жек өткізіп, оның 18-ін нокаутпен аяқтаған. Ал қазақстандық боксшы 36 кездесудің 33-ін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.

Рекомендовать
Последние новости