Мақтаның жаңа «Түркістан» сорты өзінің тиімділігін көрсетті

Dalanews 03 дек. 2018 04:20 1048

Түркістан қаласы маңындағы жер емген шаруалар 1 гектар жерден әжептәуір табыс тауып отыр. Айталық, мақтадан орташа есеппен 3 мың доллардай немесе 500 мың теңгенің төңірегінде, ал бақшалардан – миллион теңгенің үстінде, көкөністен 1,5 миллион теңгедей өнім алуға болады.

Түркістанның топырағына мақта, жүгері, бидай, мақсары, көкөніс, бақша дақылдарынан мол өнім алуға болады. Сондықтан жергілікті билік орындары суармалы жерлерді айналымға қосып, қалай болғанда да, мол өнім алуға бас мән беріп отыр.

Түркістандар соңғы уақыттары мақта тұқымының сапасына ерекше көңіл бөле бастады. Осында «Тұран» атты шаруа қожалығы бар. Соның базасында ғалымдармен бірлесіп, «Түркістан» деген сортты дүниеге әкелді. Оны аталмыш шаруашылықтың егіс алқабында іс-тәжірибеден өткізіп, қолданысқа енгізді. Жаңа тұқым өткен жылы өз нәтижесін берген болатын. Шаруалар күні кешеге дейін Кеңес дәуірінен келе жатқан «С-4727» дейтін сортты егетін-ді.  Оның өнімділігі гектарына 20-22 центнерден аспайтын. Ал былтыр бұл көрсеткіш 27 центнерге жетті. Яғни, «Түркістан» сортының өнімділігі шынында да жоғары екеніне, сондай-ақ басқа да параметрлерінің дұрыстығына көз жеткіздік.

Биыл Түркістан топырағында пайда болған мақтаның жаңа сортын Мақтаарал ауданының шаруаларды сұратуда. «Не ексең, соны орасың» демекші, сондықтан тек сапалы тұқымға көңіл бөлген жөн.

Бұл бағытта облыстағы шаруаларға бірнеше мәрте түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп келеді.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости