Мақсат Үсеновке "рахмет" айтуымыз керек пе?

Dalanews 17 июн. 2017 02:08 892

Мақсат Үсеновке "рахмет" айтуымыз керек пе?

ЭКСПО қарсаңында ұшақ ішінде тәртіп бұзып, баяғы әдетіне басқан еліміздің ерке баласы Мақсат Үсенов жауапқа тартылатын болыпты. Бұл турасында ҚР Инвестиция және даму министрлігінің өкілі Мұрат Жұманбай өзінің Фейсбуктағы парақшасында мәлімдеді.

Министіріліктің ресми өкілі: “ҚР Инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті Мақсат Үсеновты жауапкершілікке тартады. 2017 жылы 16 маусымда комитет қызметкерлері Мақсат Үсеновтың әрекетіне байланысты әкімшілік хаттама толтырды. Ол ұшақта шу шығарып, ұшу сапарына қауіп төндіргені үшін айыпталып отыр”, – деп түсініктеме беріпті.

Енді Мәкеңді қандай жаза күтіп тұрғаны жайында айтсақ. Мұндай жағдайда оны 200 айлық есептік көрсеткіш (453 800 теңге) айыппұл төлеу немесе 15 тәулікке қамалуы ықтимал.

Күні кеше ғана Алматы қалалық әкімшілік соты Үсеновтың ұшақтағы тәртіпсіздік әрекетіне байланысты оны 10 күнге қамауға алу туралы шешім шығарыпты. Куәгерлердің айтуынша, Үсенов әуе сапары кезінде балағат сөздер айтып, қауіпсіздік жөніндегі экипаж талабын орындаудан бас тартып, жолаушылардың сапары үшін қолайсыз жағдай тудырған. Ол сот отырысында өз кінәсін ішінара ғана мойындаған.

Соңғы екі-үш жылда соттың есігін тоздырған Мақсатжан бүгінде өзін қалай қорғауды үйреніп алуы мүмкін.

ЭКСПО кезінде елімізде әлемге танытамыз деп бәріміз жанымызды салып жұмыс істеп жатқанда Үсеновтың шу шығарып, елдің назарын тағы да өзіне аударғанын әсте кешіруге болмайды.
Күні кеше ғана біздің билік ЭКСПО-ға келген мейманды әуежайдан қонақ үйге дейін қомақты ақшаға апарып ұятқа қалған Астананың таксистін тауып, жазалады емес пе? Біздіңше, Мақсат Үсенов сол қарапайым таксисттен әулие емес. Ол бұл жолы тағы да жеңіл жазамен құтылып кетпеуі керек. Ертең тиісті орындар "жауапкершілікке тартатын заңымымыз тым жұмсақ болып Мәкеңді жазаға тарта алмадық" деп заңымызды тағы да өзгертпесін. Дегенмен Үсеновке рахмет, заңымыздың қандай олқы тұстары бар екенін қоғам алдында айқындап, оны қатайтуға әсер етіп жүргенін мойындауымыз керек.

Нұрлан ЖҰМАХАН

(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)

 

 

https://dalanews.kz/26043

 

 

Рекомендовать
Последние новости