Мақаншы тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын толағай табыстармен қарсы алмақшы

Dalanews 08 дек. 2021 08:20 1315

Шығыс Қазақстан облысында бұрын аудан орталықтары болған ауылдарды дамыту бағдараламасы табысты іске асуда. Облыстық әкімдік жүзеге асырып жатқан жобаларың арқасында ауыл-аймақтар өркендеп, жаңа мекемелер ашылып, жұмыс орындары құрылып жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Біздің сөзімізге Мақаншы ауылындағы қолға алынған іргелі жұмыстар айқын дәлел болады. Бүгінде ауылда аурухана жөнделіп, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Осы ретте медициналық мекеме жақын маңдағы үш ауылдың тұрғындарына қызмет көрсететінін айта кетуіміз керек. Алдағы уақытта стационар мен қосымша кабинеттер ашылатын болады.

Жоба қазірдің өзінде мақұлданып, бағдарлама аясында ең заманауи медициналық жабдықтар жарақтаныдыру көзделініп отыр. Жаңартылған аурухана ауысымы 125 келушіге, ал күндізгі стационар 13 төсек-орынға арналған.

Бұдан басқа ауылда 36 пәтерлі екі үйге инженерлік коммуникациялар жүргізу бойынша ЖСҚ әзірлеуге де қаржы бөлінді. Мақаншы халқы жыл сайын қарқынды өсіп келеді. Жас мамандардың ауылда қалып, тындырымды жұмыс атқаруына көп көңіл бөлінуде. Оның айқын дәлелі ретінде 140 орындық жаңа балабақшаның ашылып, орын тапшылығы мәселесін шешілгенін айтуға болады. Жаңа балабақша облыстағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ең үздік нысандарының біріне айналып отыр.  Осылайша Мақаншы ауылы тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын толағай табыстармен қарсы алмақшы.

Сол сияқты Қайнар ауылында аурухананы күрделі жөндеу және толық қайта жабдықтау жүргізілуде. Бүгінде бұл ең шалғай аудандардың бірі болып отыр. Бұл ретте, республикалық маңызы бар «Семей-Қайнар» жолын жөндеу де шешімді мәселелер қатарында.

Рекомендовать
Последние новости