Маңғыстау облысының әкімдігі Нұрлан Ноғаевқа қатысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 15 мая 2024 16:25 2313

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми өкілі Жанна Сағидолла облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа қатысты шыққан ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Yedilov.online телеграмм арнасы Ноғаев қазіргі қызметінен кетуі мүмкін екенін жазған еді.

“Кейбір дереккөз ақпараты бойынша Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қазіргі лауазымынан кетеді”, - деп жазған болатын.

Бұл жазбаның астына әкімдіктің ресми өкілі, баспасөз хатшы Жанна Сағидолла пікір білдірген.

“Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз жұмыс орнынд”, - деп жазды ол.

Еске салайық, Ноғаев 2021 жылдың қыркүйегінен бері Маңғыстау облысын басқарып келеді.

Жақында Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына есеп берген болатын.

“Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған” - делінген хабарламада. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Рекомендовать
Последние новости