Мәжіліс төрағасы Қошанов Үкіметті сынап тастады

Сағыныш Сардарова 30 июн. 2025 12:59

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов үкіметпен жұмыс барысында проблемалар барын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Конституция бойынша, депутаттармен қатар Үкіметтің де заңға бастамашылық етуге құқы бар. Алайда заң жобасын өздері әзірлеу орнына, министрліктер мәселені депутаттардың түзетулері арқылы немесе Парламентке хат жазу арқылы шешуді әдетке айналдыра бастады. Үкімет регламенті бойынша, түзетулерді заң жобасын Мәжілісте талқылау кезеңінде енгізу туралы норма бар. Бірақ министрліктер тарапынан ол нормаға тым жиі жүгіну орын алып отыр. Кейде ондай түзетулер тіпті жалпы отырыс өтетін күні келіп түсіп жатады. Осы сессияда аталған тармақ бойынша Үкіметтен келіп түскен хаттар саны екі есе артты", - дейді ол.

Айта кетейік, 30 маусымда Парламент палаталарының биылғы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

"Бүгін сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының жұмысын аяқтағалы отырмыз.  Біз өз өкілеттігіміздің тура бел ортасына келдік. Іс жүзінде бұл – бірлесе атқарып жатқан жұмысымыздың маңызды кезеңі, межелі белесі", - деді ол.

 


Рекомендовать
Последние новости