Мәжіліс тәртіптік жазаға тартылған депутаттардың есімін жасырған - БАҚ

Сағыныш Сардарова 11 сент. 2025 12:53

Мәжілістің депутаттық әдеп жөніндегі кеңесі тәртіптік жазаға тартқан депутаттардың аты-жөні жарияланбаған. Бұл туралы кеңес төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеп.

Оның айтуынша, бұл кеңес Мәжілістің әрбір тұрақты комитетіне мүше жеті депутаттан тұрады. Олар депутаттық әдепке қатысты түскен өтініштердің барлығын жан-жақты қарастырады.

Кеңес жұмысы барысында 15 отырыс өтіп, 17 депутатқа этикалық нормаларды сақтау жөнінде ұсыныстар берілген. Дегенмен төраға қандай депутаттарға және не үшін шара қолданылғаны құпия ақпарат санатына кіретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, кеше Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасына 70 жылдық мерейтойына орай құттықтау айтып, бұл әрекеті қоғамда қызу пікірталас тудырған болатын.


Рекомендовать
Последние новости