Кейбір ел азаматтары заңсыз алып келген зейнетақыны мемлекетке мәжбүрлі түрде қайтаратын болады

Кәмшат Тілеухан 10 сент. 2025 14:56

Бюджеттен әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған қос азаматтығы бар қазақстандықтар ақшаны мемлекетке қайтаруға мәжбүр болады. Бұл туралы Мәжіліс дәлізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова журналистерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Залал сомасын уәкілетті орган - Қаржылық мониторингі агенттігі айқындайды. Барлық материалдар тапсырылды, менің ойымша, тергеу жүріп жатыр және бұл сомалар қайта орнына қойылады", - деді Светлана Жақыпова.

Оның айтуынша, қаржы органдары заңсыз қанша қаражат алынғанын анықтап, тексеріп жатыр. Бұл арада Қазақстан заңдары бойынша тыйым салынған екінші азаматтығын жасырғандар және мемлекеттік төлемдерді алып келген осындай азаматтар туралы сөз болып отыр. Бұл ретте министр бір мезетте үш мемлекеттен бір мезетте зейнетақы алып отырған адамдар болғанын

Сонымен қатар министр зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді адал иеленушілерге бұл жағдайдың қатысы жоқ екенін, олардың құқықтары қорғалғанын нақтылай кетті.

Айта кетсек, бүгінгі таңда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 24,8 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 451,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға 793 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 трлн 658,4 млрд теңге бағытталды. 2025 жылдың 1 тамызындағы дерек бойынша елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 497 мың адамды құрайды.

Бұған дейін Еңбек министрлігі "конверттегі" жалақы мәселесімен қалай күрескелі жатқандарын айтып, өз жоспарларымен бөліскен.


Рекомендовать
Последние новости