Кентау жастары латын әліпбиіне өтуді қолайды!

Dalanews 04 окт. 2017 15:33 924

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында латын әліпбиіне көшу бастамасына қолдау білдіру мақсатында Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де «Латын алфавитінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.



Еліміздің барлық аймақтарында қызу қолдау тауып жатқан латын графикасына өту мәселесіне қоғамның кез-келген ортасы өз ойларын қосуға асық.

Қазір қоғам екі тілді қоса алып жүр. Егер латынға өтсек, осы олқылық жойылар еді. Өйткені, латын әліпбиіне көшу арқылы біз тілдік қолданысымыздың таразы басын теңестірер едік. Латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі. ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінг компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал, ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы, ол – латын графикасы, – деді Кентау қалалық «Жастар орталығының» директоры Қанат Бекметов.

Рекомендовать
Последние новости