Кемінде 82 адам қаза тапты: Мәскеуде адамдарды қырып салған лаңкестер ұсталды

Көркем Алдабергенова 23 мар. 2024 13:33 36409

Ресейлік телеграм арналар «Крокус сити хол» концерт залында адамдарға оқ жаудырған лаңкестер ұсталғанын хабарлай бастады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соңғы мәліметтер бойынша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 82-ге жеткен. 

Ресей Федерациясының ресми органдары лаңкестер ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірмеген. Алайда Госдума депутаты Александр Хинштейннің сөзінше, күдіктілер отырған көлік Хацунь ауылының маңында анықталған. Көлікті полиция тоқтатуға тырысқанымен ішінде отырған адамдар тәртіп сақшыларына бағынбай кеткен. Осылайша тәртіп сақшылары қару қолдануға мәжбүр болған.

Атыс басталып, күдіктілер отырған көлік аударылып кеткен. Көлікте жалпы алты адам отырған. Оның біреуі ұсталып, қалғаны орманға қарай қашып кеткен.

Түнгі уақытта екінші террорист ұсталған. Қалғанын іздеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Фото: Телеграм / Baza

Іздеу операциясына Ресейдің барлық күш құрылымы тартылған.

Госдума депутаты Александр Хинштейннің сөзінше, күдіктілер отырған көліктен Макаров тапаншасы, Калашников автоматының оқтары мен жеке құжаттар табылған. 

Сонымен қатар, желіде бұл терактке Тәжікстан азаматтарының қатысы бар деген ақпарат тараған. Алайда Тәжікстанныуң Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.


Рекомендовать
Последние новости