Каспий тез тартылып бара жатқаны алаңдаушылық туғызып отыр - Тоқаев

Сағыныш Сардарова 10 окт. 2025 14:55

Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы экологиялық қауіп, табиғи және техногендік апаттар ТМД елдерінің орнықты дамуына зор қатер төндіреді деп санайды. Президенттің айтуынша, мұндай жағдайларды ерте бастан анықтаудың және ескертудің тиімді тетіктерін қарастыру маңызды міндет.

"Климаттық және техногендік төтенше жағдайларды болжаудың өңірлік орталығын құру арқылы бірлесе жұмыс істеуді ұсынамыз. Каспий теңізінің тез тартылып бара жатқаны зор алаңдаушылық туғызып отыр. Негізі бұл – өңірлік қана емес, жаһандық проблема. Сондықтан біздің бастамамызбен әзірленіп жатқан Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламаға қосылуды ұсынамыз. Мұндай маңызды құжатты дайындауға Каспий теңізінің жағалауындағы елдермен бірге барлық мүдделі мемлекеттер және халықаралық ұйымдар тартылуға тиіс", – деді Президент.

Рекомендовать
Последние новости