Жұрттың үрейін алған қылжақбас ұсталды (видео)

Dalanews 21 мар. 2020 03:59 631

Әлеуметтік желіде өзіне коронавирус үшін өз-өзіне қол жұмсаған жалған видео түсірген алматылық ер азаматты ұстады, – деп хабарлайды Рolisia.kz.

Құзырлы орындар әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жұрттың үрейін алған видео анықтаған. Бейнероликте белгісіз бір адам короновирустың себебінен өз-өзіне қол жұмсағанын бейнелейді.

Осыдан кейін полициялер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, бейнероликтың авторын анықтады. Тәртіп сақшылары жұртты дүрліктірген Д. есімді азаматтың Алматы тұрғыны екенін хабарлады.


Ер адам өзі қылжақтап бейнеролик түсіріп, достарының көңілін көтеруді ойлағанын айтып, көпшіліктен кешірім сұрады. Тәртіп сақшылары алматылық қылжақбасқа құқықтық түсіндіру іс-шараларын жүргізген.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=KckWCxYYwik&feature=emb_logo

Рекомендовать
Последние новости