Журналистер мінген автобус әкімнің соңынан қалмауға тырысып, ақыры аударылып тынған

Dalanews 28 янв. 2020 13:13 826

Ақтөбе облысының әкімі өзімен сапарға бірге шыққан журналистердің көлігі аударылғанын біле тұра, кейін қайырылмастан кетіп қалған, – деп хабарлайды Dalanews.kz  КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин тәртіп сақшыларының ескертуін елемей, ақ түтек боранда аудан аралауға шығады. Ал тілшілер мінген «Тойота хайс» қатты жылдамдықпен жүйіткіген әкім көлігіне ере алмай, төңкеріліп ортан жолда қалыпты.

– Әкім мінген көліктің алдында патрульдік полиция машинасы болды. Журналистер мінген шағын автобус автокөлік артында қалып қойған. Ауа райының қолайсыздығы мен жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмағаннан кейін осындай жол көлік оқиғасы тіркелді, – деп Ақтөбе облысы әкімі аппаратының жетекшісі Нұржауған Қалауов түсініктеме беріпті.

Аударылған көлікте аймақтағы үш редакцияның тілшілері мен облыс әкімі баспасөз қызметінің өкілдері болған.


Шенеуніктер сол күні «жол ашық болды» деп әкімге шаң жуытпауда. Бірақ мұны көлікте болған журналистер де, жауапты мекеме өкілдері де жоққа шығаруды. Тәртіп сақшылары жол бойында оларды үш рет тоқтатып, ескерту де жасаған.

Бірақ әкімнің баспасөз хатшысы бастығының соңынан қалмай жүруді бұйырып, жүргізушнің жылдамдықты асыруын талап еткен. Бұдан кейін көлік жүргізуші жылдамдықты арттырып, соңы жол көлік оқиғасына ұласқан.


Апаттың қатты болғаны сонша, бір тілшіні терезеден бірнеше метрге ұшып кеткен. Қазір көлік жүргізушісі ауыр хәлде. Тағы бір журналист облыстық ауруханада ем алып жатыр. Ал Оңдасын Оразалин сапарға бірге шыққандардың апатқа ұшырағанын біле тұра, артына қайырылмастан кете барыпты.

 

Рекомендовать
Последние новости