Жезқазғанда жылыту маусымына дайындық кестеге сай жүруде

Dalanews 17 авг. 2023 11:51 848

Бірқатар ақпарат құралдарында Жезқазған ЖЭО «Kazahmys Energy (Қазақмыс Energy)» ЖШС және «ГРЭС Топар» ЖШС-нің алдағы 2023-2024 жылыту маусымына дайындығы туралы қате ақпарат таралуда. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, бүгінгі таңда Жезқазған ЖЭО-ны 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындау «KEGOK» бекіткен кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі уақытта №11 қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. №8 және №4 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. №10 қазандық агрегатын ауыстыру жүргізілуде. №5, 6, 7 қазандық агрегаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу компаниялары бекітілген кестеге сәйкес аяқталады. №6, 7, 8 турбоагрегаттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. Турбина, электр және отын-көлік цехтарының жабдықтары жоспарлы режимде жұмыс істейді.



Жезқазған ЖЭО негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 4,8 млрд теңге бөлінді. Қоймада көмір қорлары 243267 тоннаны, мазут - 1 600 тоннаны құрайды. «Kazahmys Energy (Қазақмыс Energy)» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ның жалпы дайындығы шамамен 60% деңгейде. 2023-2024 жылыту маусымының басында станциядағы жөндеу жұмыстарының көп бөлігі аяқталады.



«ГРЭС Топар» ЖШС 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындыққа қатысты: Биыл №7 станция бірінші қазандығында күрделі жөндеу сәтті жүргізілді, 11 қазандық пен 3 турбинада ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда екі қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, тағы екеуіне – ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«ГРЭС Топар» ЖШС негізгі жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 5,7 млрд теңге бөлінді. 2023-2024 жж. жылыту маусымының сәтті өтуі үшін «ГРЭС Топар» ЖШС-де жұмыста 8 қазандық агрегаты мен 4 турбоагрегаттың болуы жеткілікті.


 

Осылайша, жабдықты жөндеу деректеріне сүйенсек, станцияның дайындығы 85%-ды құрайды. Өз кезегінде, бұқаралық ақпарат құралдарының шыққан дәйексіз материалы үшін жауаптылар біздің тарапымыздан түсініктемелер алу үшін «Қазақмыс» компаниясына жүгінбегенін атап өткіміз келеді. «Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан диалог пен нәтижелі ынтымақтастық үшін ашық.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі корпорацияның еңбек және әлеуметтік қызметі туралы материалдарды ұсынудың объективтілігі мақсатында материалдар дайындауда баспасөз қызметіне хабарласуды сұрайды.


 

«Қазақмыс» компаниялар Тобы - табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жетекші компания, Қазақстанда мыс өндіруден көшбасшы. Компанияның құрамында геологиялық барлау кешені, он үш кеніш, төрт байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі және ОЭК бар. Компанияның негізгі активтері Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев және Қарағанды қалаларында орналасқан.

«Қазақмыс» кенді өндіруді және оны тауарлық металға өңдеуді жүргізетін өндірістік объектілерді басқарады. Корпорация мыс, мыс-сульфид және тотыққан, сондай-ақ полиметалл мыс-мырыш кенін өндіреді. Бүгінгі таңда «Қазақмыс» тобы қызметкерлерінің жалпы саны 38 000-нан астам адамды құрайды, ұжымның 80% - ы өндірістік персонал болып табылады.

Рекомендовать
Последние новости