«Жеті адамның өмірін жалмады». Павлодарда сапасыз арақ ішкендер ажал құшты

Dalanews 31 мая 2022 03:00 1172

Павлодарда жеті адамның өмірін жалмаған белгісіз сұйықтық қолдан жасалған спирттік ішімдік болуы мүмкін. Марқұмдарды ажалдан арашалап қалуға барын салған дәрігерлер осылай деп болжам жасап отыр. Ертіс ауылында болған оқыс оқиғаның жай-жапсары жіті тексеріліп жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы

Қайғылы жағдай 27-сәуірде күні болған. Полицейлердің мәліметінше, бір үйден үш адамның өлі денесі табылған. Оның біреуі 67 жастағы үйдің иесі болса, екіншісі 32-дегі баласы. Ал үшіншісі – зейнеткер.

Сол күні тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға түскен. Олардың төртеуі де емдеу мекемесінде жатып көз жұмды.


Қаза тапқандардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Бірақ олардың белгісіз сұйықтық ішкені анықталыпты. Содан кейін бәрінің іш құрылысы істемей, шетінен көз жұмған.

– Ауруханаға жеткізілген азаматтардың спирттік ішімдік ішкені бірден байқалып тұрды. Ащы судан уланған ба деп күдіктеніп, диагнозға сәкес емдом жасалған. Бірақ науқастардың өмірін сақтап қала алмадық, – дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов.

Рекомендовать
Последние новости