Жемқор құдалар

Dalanews 14 окт. 2017 05:42 901

Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро Әблязовтың артынан енді оның құдасы Храпуновты да Астанаға ақпарат құралдары арқылы тергеуге шақырды. Швейцарияда шалқып өмір сүріп жатқан Алматының бұрынғы әкімі алдағы аптаның сейсенбісіне дейін тергеуге келу керек.



Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының мәліметінше, тергеу барысында Храпуновтарға қарсы айтарлықтай дәлелдер тапқан. Олар Виктор мен Ләйла Храпуновтар, Айяр Ілиясов және олармен байланысқан басқа адамдардың қылмыстарын айғақтайды екен. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құру, қызметін асыра пайдалану, мемлекеттік мүлік пен бюджет қаражатын жымқыру, мемлекет мүлкін заңдастыру сынды бірнеше қылмыстар бойынша айыпталып отыр.

Іс материалдарына сәйкес, мемлекетке келтірілген шығын 300 миллион долларды құрайды. Қашқын әкім қазір елден жырақ болғандықтан, тергеуге шақыру республикалық және Швейцариядағы Храпуновтар тұратын аумақтың жергілікті ақпарат құралдарында жарияланған. Айта кетсек, бюро мұның алдында тағы бір қашқын олигарх Мұхтар Әблязовты да осылай шақыртқан болатын. Бірақ оның тергеушілерге төбе көрсетпегенін бәрі біледі.

Дереккөзі: КТК арнасы

 

https://dalanews.kz/13748

Рекомендовать
Последние новости