Жақын болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?

Dalanews 18 янв. 2024 11:30 1134

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мектеп бітірушілері мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр алдағы уақытта сұранысқа ие болатын мамандық тартуралы әңгімеледі. Оның пайымынша, ел экономикасын дамыту үшін біз мықты инженерлік кадрларды тәрбиелеуіміз керек.

Қазақстандағы инженерлік кадрлар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті, Қарағанды индустриалды университеті, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті сияқты техникалық жоғары оқу орындарында дайындалатыны баршаға мәлім.

"Техниктер" аграрлық, энергетикалық, металлургия, құрылыс, машина жасау және т.б. көптеген салаларда сұранысқа ие.

Қазір министрлік техникалық мамандарға білім беру тәсілін стратегиялық өзгерту бойынша жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеп, жоғары оқу орындарының базасын жақсартып, бейімдеуге күш біріктіріп отыр", - деп жазды Саясат Нұрбек өзінің телеграм арнасында.


Мысалы, аймақтық Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өткен жылдың соңында Тяньцзинь кәсіптік институтымен (ҚХР) бірлесіп, заманауи оқу платформаларында инженерлік практиканы қолдана отырып, инновациялық әдістер бойынша көлік инженер-студенттер оқытылатын бірегей Лу Бань шеберханасы ашылды. Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен жұмыс отандық жоғары оқу орындарының кәсібилігі мен жоғары білім деңгейін көрсетеді.

Биыл ШҚТУ базасында металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы Қазақстан-Германия ғылым және технологиялар институтын ашу жоспарлануда.

"Құрметті мектеп түлектері мен ата-аналар, мамандық таңдағанда техникалық мамандықтарға назар аударыңыз. "Техник" мамандары әрдайым қажет, себебі мұндай мамандықтың беделі күн өте артып келеді", - деген Саясат Нұрбек.

Рекомендовать
Последние новости