Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді

Сағыныш Сардарова 28 мар. 2025 16:27 1700

Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректеріне сәйкес, магнитудасы 5,0 болатын жер асты дүмпуі Астана уақытымен сағат 15:56-да Жамбыл облысындағы Мерке ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде тіркелді.

Әлеуметтік желілерде Тараз қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезгені айтылды.

Айта кетейік, бүгін түнде де Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
 
Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды, бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді.
 
Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.
"Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жедел штаб құрылды. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек төрағалық еткен оның құрамына азаматтық қорғау қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың, тиісті ведомстволардың өкілдері кірді.
 
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Аудандардағы нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған бұған дейінгі әкімдік хабарламасында.

 


Рекомендовать
Последние новости