Ынтымаға жарасқан Созақта мұқтаж отбасыға жаңа баспана кілті табысталды

Жарбол Кентұлы 31 окт. 2024 22:10 1185

Созақ ауданындағы Бабата елді мекеніндегі аз қамтылған отбасыға «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен баспана берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орайда аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа үйдің кілтін табыстап, үй иесін құттықтады. Бес бөлмелі баспанада су және жылу жүйелері толықтай орнатылған. Сондай-ақ, шаруашылықты дамытуға арналған 20 соттықтан астам жер телімі бар.

«Бүгінгі қуаныш – тек сіздер үшін ғана емес, барша ауыл тұрғындары үшін де маңызды. Әрбір адам өзінің шаңырағында бақытты болуы тиіс. Жаңа үй – жаңа мүмкіндіктер, жаңа бастама. Біз тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамымыздың дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Осылайша біз бірлігімізді нығайтып, еліміздің болашағын бірге қалыптастырамыз», – деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.


Рекомендовать
Последние новости