Танымал блогер Әлібековтің көлігімен трюк жасамақ болған жігіттің қазасы: қылмыстық іс қозғалды

Сағыныш Сардарова 01 нояб. 2024 10:46 3403

Алматы облысында Lamborghini Aventador көлігінен секірмек болып қаза тапқан Батырхан Ержанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Рөлде 45 жастағы ер адам отырған, - деп хабарлайды Dalanews.kz "КТК" арнасына сілтеп.

Ауыр жарақаттан жігіт ауруханада қаза тапқан. Телеарна мәліметінше, марқұм Батырхан Ержан ТикТок желісіне алғашқы видеоларын осыдан екі жыл бұрын сала бастапты. Өзі тап болған түрлі жағдайды әзілмен жеткізіп, кейбір видеосы сегіз миллион рет қаралған. Бірақ бұған дейін жігіттің экстремал контент түсіргені байқалмаған.

Қазір қайғылы оқиға бойынша полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

"29 қазанда Ақсай ауылындағы Сокол автодромы аумағында бейнеролик түсіру үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жас жігіт абайсызда 45 жастғы жүргізуші басқарған көліктің астына түсті. Жігіт аудандық ауруханаға жатқызылды. Ал 30 қазанда есін жимастан көз жұмды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі.

Оқиға Сенат депутаттарына да мәлім. Көліктің иесі ғана емес, трюк жасаған адам да оның салдары жайлы алдын ала ойлау керек еді деп санайды.

"Каскадер дүниесі адам өміріне қауіпті. Сондықтан да, рөлге отырғаннан кейін ұшақ, тікұшақ, машина болсын, бірінші кезекте өз өміріне өзі жауапты. Көлікті жүрер алдында техникалық қауіпсіздігін қарап шықты ма, тексеріп шықты ма деген сияқты. Менің ойымша, бір жақтан ғана кінәні іздеуге болмайды. Ол дұрыс емес. Жан-жақты қарау керек", - деді Геннадий Шиповских, Сенат депутаты.

Қайғылы оқиға болған жер - «Сокол» автодромы. Алматыдан алшақ орналасқан бұл жерде көліксүйер қауым жаттығулар өткізіп, спорт жарыстарына қатысады. Автодром басшылығы болған жайтқа пікір білдіруге құлық танытпаған.


Рекомендовать
Последние новости