Гарвардтан шетелдік студенттерді ауыстыру талап етілді. Оқу орнында қанша қазақстандық оқып жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстанның Жоғары білім және ғылым министрлігі Гарвард университетінде жеті қазақстандық студент оқып жатқанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, олардың барлығы "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алуда.
Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Гарвард университетінен шетелдік студенттерді қабылдау құқығын алып тастағаны белгілі болды.
Бұл шешімге сәйкес, әлемдегі беделді жоғары оқу орындарының бірі саналатын Гарвардта оқып жатқан шетелдік студенттер легалды мәртебесін жоғалтпау үшін басқа университеттерге ауысуы тиіс.
Сондай-ақ АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Гарвардты "антисемитизм алдында тізе бүкті" деп айыптаған.
Билік университеттен кадр қабылдау, студенттерді іріктеу және оқыту тәжірибесін қайта қарауды талап еткен.