Ғалымдардың қопсытқыш тыңайтқыш технологиясы ауыл шаруашылығында қолданылуда

Dalanews 24 мая 2020 03:23 1295

ҚазАТУ 2018 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасымен Солтүстік Қазақстан облыстарында заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру мақсатында «көрнекті шаруашылық (полигондар)» принципі бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін өсіруде дәл егіншілік технологиясының трансферті және бейімделуі» атты ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруға кірісті.

Бұл жобаның аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибелік стансасы» ЖШС-нің негізінде университетіміздің ғалымдары жасаған ауылшаруашылық техникасын: «Дәл егіншілік жүйесінде минералды тыңайтқыштардың негізгі мөлшерін дифференциалды топырақ құрамына енгізуге арналған қопсытқыш тыңайтқыш» (жобаның жетекшісі т.ғ.д., проф. С.О. Нукешев) көрсетеді.

Қопсытқыш тыңайтқыш топырақтың 30-35 см дейін тереңдікте жұмсаруын және тапсырмаға – бұйрық-картасына сәйкес топырақ құрамындағы 6...8, 16...18, 23...25 см тереңдіктегі минералды тыңайтқыштардың (400 кг/га дейін) негізгі мөлшерін біркелкі дифференциалды үлестіруін қамтамасыз етеді.


Бұдан басқа университеттің ғалымдары мөлшер дифференциациясының жүйесі (VRT – variable rate tecnology) мен «Агронавигатор» парралельді жүргізуі орналастырылған John Deere жетілдірілген егін кешенін таныстырады. Бұл жүйе егіс кезінде минералды тыңайтқыштардың бастапқы мөлшерін енгізуді және дифференциалды егісті қамтамасыз етеді.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасөз орталығы

Рекомендовать
Последние новости