Еуропа елдерінен қуылған ресейлік БАҚ Қазақстанды паналады

Сағыныш Сардарова 19 апр. 2024 10:55 4358

Ресейшіл үгіт-насихатқа қатысы бар "Еуропа дауысы" өткен айда Чехиядан шығарылғаннан кейін Қазақстанда өз қызметін қайта бастады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Euractiv мәліметінше, 27 наурызда Чехия мен Польша билігі жүргізген тергеу нәтижесінде ресейшіл украин саясаткері Виктор Медведчук пен "Еуропа дауысы" қатысқан Еуропаға ықпал ету операциясы болғаны анықталған. Көп ұзамай веб-сайт өшірілді.

Басылым талдаған мәліметтерге сәйкес, 109.248.170.82 IP мекенжайы 10 наурызда жаңартылды, алайда веб-сайт қазір ghost.kz-те орналастырылған, ал бұл - веб-сайттарға арналған қазақстандық сервис. Содан кейін сайт 11 сәуірде қайта жарияланды.

Қазір Чехия "Еуропа даусын" ЕО санкциялар тізіміне Мәскеу қаржыландыратын Russia Today және Sputnik телеарналармен бірге енгізуді талап етіп отыр.

Бұған дейін Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін Қазақстан ЕО санкцияларын айналып өтіп, озық технологиялар мен қос мақсаттағы тауарларға қол жеткізу үшін ыңғайлы орындардың біріне айналғаны айтылып жүрді.

Былтырғы қыркүйек бойынша ЕО-дан Ресейге осындай тауарлардың экспорты 3,231 млрд еуроға немесе 95,44 пайызға қысқарды.

Осы тұста ЕО-да сол тауарлардың Батыс және Орта Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстанға (333,18 пайызға) экспорты күрт өскені байқалды.

Бельгия премьер-министрі Александр Де Кроо Бельгияның федералды прокуратурасы бұл істі тергеуді бастағанын, Мәскеу Еуропарламент депутаттарына ресейшіл үгіт-насихат таратқаны үшін ақша төлегенін айтты.

Қайта іске қосылғаннан кейінгі алғашқы жазбаларының бірінде веб-сайт Еуропалық Парламенттің жұмысына Ресейдің араласуы туралы пікірталасқа сілтеме жасады.

"Еуропа дауысы" бұл іс-шара "баспасөз бостандығына және заңды оппозициялық саясаткерлер мен Еуропарламент депутаттарына қарсы жала жабу науқанына" қатысты шабуылдың" бөлігі болды деп мәлімдеді.

Алайда Чехия премьер-министрі Петр Фиала мен Бельгия премьер-министрі Александр Де Крооның мәлімдемелеріне, сондай-ақ, чех барлауындағы дереккөздерге сілтеме жасаған БАҚ хабарламаларына қарамастан, ешқандай заңды органдар тарапынан ресми қудалау болмаған.


Рекомендовать
Последние новости