Есімхан Орынбаевты еске алу фотокөрмесі ашылды

Dalanews 01 мар. 2018 16:08 1068

Өскеменде белгілі фотосуретші Есімхан Орынбаевты еске алуға арналған «Қас қағым сәт...» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеге фототілшінің әріптестері, достары мен облыстық әкімдік өкілдері қатысты.

Аталмыш фотокөрме Есімхан Орынбаевты еске алуға арналған кештен басталды. Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында өтіп отырған кеште әріптестері мен қоғам қайраткерлері лебіздерін айтып, естеліктерімен бөлісті.

Айта кетсек, көрмеде фототілшінің алпыстан аса туындысы жұрт назарына ұсынылып отыр. Оның ішінде Шығыс Қазақстанға аяқ тіреген белгілі қоғам қайраткерлерінің сирек фотоларын да байқауға болады.

Есімхан Орынбаев 1955 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Өскеменге көшіп келіп, облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіне жұмысқа тұрып, өмірін шығармашылығымен ұштастырған.

Кеш соңында көрмені ұйымдастырушы, жоба жетекшісі, Қазақстанның Құрметті журналисі Айтмұхамбет Қасымов қолдау көрсеткен демеушілерге алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости