Ерболат Досаев тағы бір лауазымға тағайындалды

Сағыныш Сардарова 13 янв. 2026 16:34

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына енді. Бұл туралы 13 қаңтарда Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған құжатта айтылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжатқа сәйкес холдингтің директорлар кеңесінің жаңа құрамы 26 желтоқсанда бекітілген. Кеңес төрағасы - премьер-министр Олжас Бектенов.

Директорлар кеңесінің құрамына бірінші вице-премьер Роман Скляр, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев, қаржы министрі Мәди Такиев және өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кірді.

Айта кетейік, 2025 жылы қыркүйекте Ерболат Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove