«Елтаңба қоқыста жатыр». Мемлекеттік рәмізді қорлағандарды тауып, жазалу керек!

Dalanews 01 июл. 2022 04:38 1251

Экологтар Мемлекеттік рәміздерді үйілген құрылыс қалдықтары арасынан тапты. Қазір полицейлер мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты тексеру үшін Павлодар қаласының ақпараттық және әлеуметтік даму бөлімі және Ішкі саясат бөлімі өкілдері бар жұмыс тобы оқиға орнына барған. Қоқыс полигоны Павлодар алюминий зауытынан он шақырым жерде орналасқан болып шықты.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолданбаған тәртіпбұзушыны іздестіріп жатыр.

– Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, Қылмыстық кодекстің 372-бабы «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» бойынша соталды тергеу басталды, – деді облыстық Полиция департаменті өкілдері.


Мемлекеттік рәміздерді ауыстыру немесе кәдеге жарату тәртібі арнайы ережелерде белгіленген. Олардың біріне 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөліктерге күйдіру, балқыту немесе ұнтақтау жатады, олар қайта пайдаланылмайтындай пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналады.

Тәртіп бұзушыларға 2000 АЕК (6 миллион теңгеден сәл астам) көлемінде айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Рекомендовать
Последние новости