«Елбасы медалі» табысталды

Dalanews 14 апр. 2021 11:11 1081

Жастарды ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеп, білімі мен біліктілігін жетілдіруге бағытталған ерекшелік белгісін бүгін аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов табыстады. 
«Елбасы медалі» қоғамның түрлі саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған байқау. Марапаттау жас ерекшелігіне қарай үш деңгейде: қола 14, күміс 15, ал, алтын 16 жастан бастап белгіленген. Алты ай көлемінде өзін – өзі дамытумен айналысқан жастар арасында бәсекеге түскен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Сәулет және құрлыс» факультетінің 3 курс студенті Ш.Ахатаев, Абай атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы А.Оразбекова, С.Иманасова атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Ғ.Талғатқызы мен А.Ерғалиқызы және Талдықорған қаласы «Білім – инновация» лицей интернатының 10 сынып оқушысы Т.Талғатұлы «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары атанды.

Жеңімпаздар «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра» және «Еңбек тәжірибесі» номинациясы бойынша марапатталды. 

«Ауданымыздың абыройын асқақтатып, біліктіліктеріңіз бен білімдеріңіздің озық деңгейін көрсетіп, белсенділік танытқандарыңызға алғыс айтамын. Біз Сіздермен мақтанамыз! Бұл жүлде толағай табыстарыңыздың алды болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын»-деді аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов. 

Айта кетерлігі, 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жаллпыұлттық бастамасын ұсынған. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алды. Бүгінде «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтіп отыр. Оның басты мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру болып табылады.

Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы


Рекомендовать
Последние новости