Экс-елшілер күдікке ілінді

Dalanews 24 мар. 2016 00:26 922

[caption id="attachment_14294" align="alignright" width="336"]12674157_1551661788460066_1563919555_n Рашид Рахимбеков[/caption]

25 наурызда Алматыда Үндістандағы ҚР елшілігінің экс-консулы Рашид Рахимбековқа қатысты сот ісі басталады. 66 жастағы зейнеткерге ҚР Қылмыстық кодексінің 394 бабының 2-ші тармағы бойынша – «Қызмет бабын пайдаланып, заңсыз миграцияны ұйымдастырғаны үшін» деген айып тағылған.

2013 жылы зейнетке кеткен Рахимбековке бірнеше айдан кейін қызмет атқарған ісі бойынша тексеру жүргізілген. Тексерістің қорытындысы бойынша, ҰҚК экс-консулға 1700 визаны заңсыз жасаған деп кінә артады. Егер сотта Рашид Рахимбековтыің айыбы дәлелденсе, оны 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.
«Біз айып тағылған актіні қарағанымызда, не күлерімізді, не жыларымызды білмедік. Өйткен іол миға қонбайды»,- деп бастады Рахимбековтің бұрынғы жұбайы және қоғамдық қорғаушысы Хатира Рахимбекова. – Оны заңсыз миграцияны ұйымдастырды деп айыптапты. Бірақ ол керісінше қауіптің бетін қайтару үшін елге кіру визасын қысқартып отырған. Көп мәрте кіруге рұқсат визасы 200 доллар, ал үш рет кіруге рұқсат визасы – 120 доллар тұрады. Елшінің саяси ережесіне сай шетелдік азамат ақшаны көп төлегісі келмесе, онда оған екі немесе үш мәрте елге кіру визасын жасай алады. Бірақ ҰҚК-нің бәріне ұзақмерзімді қымбат визаларды беру керек деген ауызша тапсырмасы болған секілді», - деп болжам айтады Рахимбекова.
Рахимбекова өзінің бұрынғы күйеуінің тарапынан заңсыз істердің болғанын жоққа шығарып, барлық визалардың ережеге сай берілгенін (соңғы жылда берілген визалар саны 7 мыңнан асады) айтты. ҰҚК есебі бойынша, 1700 «заңға қайшы» деп берген визалар мен беруге тиісті «заңды» визалардың айырмасы 80 долларға тең. Және оны да зейнеткерден өндіріп алмақшы. ҰҚК «қарыз» санын 207 мың долларға есептеп отыр.
«Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері ҰҚК-нің қысымымен актіге қол қойды, бірақ олар қазір Рахимбековтің ісінде заңсыздықтың жоқ екенін айтып отыр. Бірақ сот қалай болғанда да өтеді», - дейді Хатира Рахимбекова. Сондай-ақ ол, қазір елде Рахимбеков айыпталып жатқан баб бойынша тергеуде 25 консулдың тұрғанын да айтып өтті.
Сот отырысы зейнеткердің денсаулығының нашарлағынына қарамастан да өтеді. 66 жастағы экс-елші жақында қысқа мерзімді есінен айырылу дертіне ұшыраған. Оның бұрынғыә йелінің айтуы бойынша, бұл Альцгеймер дертінің бастапқы кезеңі болуы мүмкін деп отыр. Рахимбековадан гипертониялық ауру мен миындағы қан айналымының бұзылғанын дәрігерлер тауып отыр. Соңғы кездердегі стресстің кесірінен Рахимбеков психикалық денсаулық орталығында ем алған. Бірақ оның сот алдында жауап беру мүмкіндігі қарастырылып жатқан жоқ.

[caption id="attachment_14295" align="alignleft" width="177"]12895530_1551661798460065_464587184_n Хатира Рахимбекова[/caption]

Рахимбековтің қызметтік өмірінің барлығы да Сыртқы істер министрлігінде өткен. 9 жыл бойы Африка елдерінде жұмыс істеген, жанұясымен Мәскеуде тұрған. 2009 жылдан бастап ҚР Үндістандағы елшісі болып қызмет атқарды.
«Мен Рашидті 6 жылдан бері білемін. Және ол туралы тек бірнәрсе айта аламын – ол өте адал адам, - деді оның Үндістандағы бұрынғы қызметтесі ХассанХалид. – Мен соттың әділдігіне сенемін. Себебі өзге адамдарға әділ адамның өз еліне қарсы қылмысқа баруы мүмкін емес», - деп аяқтады сөзін Хассан Халид.
Рашид Рахимбековтің өзі баспасөз маслихатына қатысты. Бірақ бір ауыз сөз айтпай, үнемі залды тастап кеткісі келді.

Едіге Ержан

Рекомендовать
Последние новости