Экология министрі алапат өрттен көз жұмған орманшылардың соңғы сөзі жайлы айтты

Dalanews 12 июн. 2023 03:23 851

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде орманшылардың рация арқылы айтқан соңғы сөздері туралы айтты деп хабарлайды Dalanews.kz Stan.kz-ке сілтеп .

Сүлейменова көз жұмған азаматтардың жақындарына көңіл айтып, өрт басталғанда бірінші болып оқиға орнына орманшылардың аттанғанын мәлімдеді. Алайда 8 маусымда олар байланысқа шығуды доғарған.

"Кеше 14 адамның мәйіті табылды. Біз 8 маусымда 21:00-ден кейін, 22:00-ге таяу байланысты жоғалттық. Рациямен соңғы рет желдің бірден бағытын өзгертіп, түтін басқанын айтты. Барлығы дұрыс болады деп үміттендік. Қою түтіннен оларды табу мүмкін болмады. Кеше мәйіттері табылды. Осы жағдайды пайдаланып, өрт сөндіру кезінде көз жұмған азаматтардың отбасы мен жақындарына көңіл айтқым келеді", – деді Зүлфия Сүлейменова.

Министрдің сөзінше, жағдай әлі де күрделі. Жел күшейген. Сондай-ақ ауа райы болжамына сәйкес алдағы бірнеше күнде қатты жел соғады. 


"Жалынды оқшаулап, ұстап тұруға тырысамыз. Келген зиян көлемі есептеледі. Комиссия жұмыс жүргізеді. Барлығын аз уақытта істеуге тырысамыз, бірақ өрт сөндірілген соң оқиға орнына жығу керек. Өрт кезінде мұндай жұмыстарды атқару қиын. Дегенмен қазірден-ақ шығынның үлкен екенін айтуға болады. Себебі бұл тарихымыздағы ең үлкен өрт шығар. Бұл туралы айту ерте, бәлкім шығын көлемі миллиардтаған теңге болуы ықтимал. Абай облысындағы жағдай – үлкен апат", – деді Зүлфия Сүлейменова.

Рекомендовать
Последние новости