Доллар құлап жатыр

Dalanews 31 мая 2022 16:24 1446

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа бағамы бірден 11,96 теңгеге төмендеп, 414,67 теңгені құрағанын хабарлады. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,01 теңгеге өсіп, 6,81 теңгені құрады. Сауда көлемі 13,8 миллион рубльге жетті.

Еуроның орташа сараланған бағамы 449,92 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 2,43 теңгеге арзандап, 62,09 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 422-430 теңгеден, еуро 447-457 теңгеден, ресей рублі 6-6,5 теңгеден сатылуда.

 

Дереккөз: Stan.kz 

Рекомендовать
Последние новости