Депутат-кәсіпкерлер немен айналысуы керек?

Dalanews 19 мая 2016 23:45 1037

Депутат-кәсіпкерлерді бизнес мәселелері жөніндегі комиссия жұмысына тарту қажет

Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Алматы облысы кәсіпкерлерінің есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, бизнес-қауымдастық салық, кедендік кодекс жобаларын талқылауға, заңнаманы жақсартуға белсенді атсалысуы қажет.

«Бизнесмендер экономиканы жасайды. Сондықтан, сіздер заң шығару қызметіне белсене араласпасаңыздар, ертең бұл заңдарды сіздерсіз қабылдайды. Енжарлық танытуға болмайды. Бүгінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыс комиттерінің барлық салаларында ұсынылған. Алайда, сіздер де ұсыныс енгізуде белсенділік танытуларыңыз қажет», – деді Палымбетов.

Сондай-ақ, бизнес-омбудсмен Кәсіпкерлер палатасының назарын барлық жергілікті мәслихаттарда депутат-бизнесмендердің ұсынылғандығына аударды.

«Мәселен, облыстық мәслихатта 27 депутат-бизнесмен бар, ол барлық сайланушылардың 61%-на тең. Талдықорғандағы қалалық мәслихатта 15 депутаттың 7-уі кәсіпкер. Қапшағайда да 7 депутат-бизнесмен бар, ал Текеліде 12 депутаттың 2-уі ғана кәсіпкер. АлАлакөл ауданында 23 депутаттың 11-і, Еңбекшіқазақ ауданында 12-сі кәсіпкер. Оларды бюджеттік комиссия жұмысына, басқа да өзекті мәселелерді талқылауға тартыңыздар», – деп ұсыныс білдірді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Сонымен қатар, оның пікірінше, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссияға бизнес-қауымдастықтың өкілдерін қосу қажет.

«Көптеген мәселе ақпараттың жоқтығынан туындайды, соның салдарынан түрлі жорамал туындайды. Сатып алу жөніндегі комиссия мүшелерінің арасында кәсіпкерлік қауымдастықтың өкілдері жоқ болғандықтан, оларды барлық комиссиялардың құрамына енгізу керек», – деп атап өтті бизнес-омбудсмен.

Алматы облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Римма Салықова да бизнесмендерді қоғамдық комиссиялардың жұмысына қатысуға шақырды.

«Өңірлік кеңес жанында агроөнеркәсіп кешенін, туризм мен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі комитеттер жұмыс істейді. Әр кәсіпкер-депутат оларға қатысып, ұсыныстар мен ескертулер енгізе алады. Кәсіпкерлік қызметтің жандануы сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты. Жұмысты жандандыру мақсатында аудандарда көшпелі отырыстар өткізудеміз», – деді Р.Салықова.

Отырыс барысында бизнесмендер өздерінің проблемалық мәселелерін талқыға салып қанақ оймай, өз ұсыныстарын да білдірді. Мәселен, өңірлік кеңестіңм үшесі, «Әли-Бастау Арна» ЖШС директоры ҚайратМәңліков 12% ҚҚС сақтай отырып, арнайы техникадан кедендік баж салығы мен көліктен кәдеге асыру салымын алып тастауды ұсынды. Оныңа йтуынша, бұл шара көлік сатып алу мен тасымалдау процессін жеңілдетеді.

Бизнесмен Павел Сюбар бизнестің кейбір салаларына POS-терминалдар орнату жайы туралы мәселе көтерді. «Біздің офисіміз қаланыңо рталығында орналасқан. Алайда, осы уақыттың ішінде ешбір адам банк картасын пайдалана отырып видео бақылау жүйесін, өрт қауіпсіздігі жүйесін, кабельдік өнімдердің бірін сатып алған жоқ. Терминалдарды азық-түлік дүкендеріне орнату ойға қонымды. Бірақ, техникалық тауарларды сатып алғанда төлем шотпен жүргізіледі. Осыған байланысты біз POS-терминалдардың маңызын көрмей отырмыз. Дегенмен, заңнама бойынша кассалық аппараты бар бизнес субъектілерінде осындай терминалдар болуы қажет», – деді бизнесмен.

Кездесу қорытындысын шығара отырып, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов жоғарыда аталған ұсыныстардың барлығы да жұмыс топтарында қаралатындығына сендірді.

Рекомендовать
Последние новости