Денсаулық сақтау министрлігі тасқынға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Қаракөз Амантай 08 апр. 2024 09:45 2595

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар ұсыныс жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрлік ұсыныстары мынадай:

Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнаған суды пайдаланыңыз;

⁠Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендегеннен, тамақ дайындағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмені дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.


Рекомендовать
Последние новости