"Дау тудыратын бірде-бір мәселе көріп тұрған жоқпын". Путин Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы туралы

Сағыныш Сардарова 06 июн. 2024 09:48 4121

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің болашағы туралы айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастың болашағы қандай?" – деп сұрақ қойды "ҚазАқпарат" агенттігінің басшысы Асқар Жалдинов.

"Өте жақсы, басқаша айта да алмаймыз. Біз өте жақын, одақтас, стратегиялық қарым-қатынастамыз. Бұл сауда-экономикалық байланыстарға да қатысты, олар сенімді түрде өсіп келеді. Жыл сайынғы айналым деңгейі де осыны көрсетіп тұр. Біздің өзара қарым-қатынасымыздың көптеген бағыты бар. Мен бәрін тізбектеп айтып та бітпеймін. Бұған энергетика, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ғарыш саласы да кіреді. Біздің ортақ шекарамыз үлкен. Адамдар да бір-бірімен араласады", - деді Путин Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесуі барысында.

Ресей президенті Ресейдің 76 субъектісі Қазақстанның тиісті аумақтарымен байланысты екенін мәлімдеді.

"Шынымды айтсам, дау тудыратын және біздің қарым-қатынасымызды қиындататын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын", - деп түсіндірді Ресей президенті.


Рекомендовать
Последние новости