Биыл оқуға түсу үшін грант былтырдан аз бөлінуі мүмкін

Көркем Алдабергенова 29 апр. 2025 09:56 346

2024–2025 оқу жылында мемлекеттік грантпен оқитын студенттер саны айтарлықтай қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл мемлекет тек 71 844 грант бөлуді жоспарлап отыр. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 112 мың болған еді.

Биыл жоғары оқу орындарына 220 мыңға жуық талапкер құжат тапсырады деп күтілуде. Яғни, әр үшінші талапкер ғана мемлекеттік тапсырыс арқылы оқуға мүмкіндік алады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға дейін Қазақстан экономикасына 885 мың маман қажет болады. Оның ішінде инженерлік салада – 530 мыңға жуық, ал педагогикалық салада – 185 мыңнан астам маманға сұраныс бар. Мұғалімдерге деген қажеттілік жалпы үлестің 21%-ын құрайды.

Жаңа оқу жылында үкімет нақты салаларға басымдық беріп отырған салалар:

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 20 878 грант

Педагогикалық бағыттарға – 17 898 грант

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға – 12 087 грант.


Рекомендовать
Последние новости