БҚО-да қыз зорлады деген күдікке ілінген шенеунік ауруханада қайтыс болды

Сағыныш Сардарова 18 мар. 2026 10:09

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінде жұмыс істеген азамат ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, ол 11 наурыз күні ауыр жағдайда Орал қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілген. 16 наурызда есін жимастан қайтыс болған. Дәрігерлер бауырдың токсикалық зақымдануы, бауыр некрозы және қант диабеті диагноздарын қойған.

Бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін өңірде шенеунік кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікке ілінген еді. Оқиға 3 қаңтарда болған. Жәбірленуші тараптың айтуынша, 57 жастағы ер адам қызды алдап үйіне кіргізіп, күш көрсеткен. Кейін полицияға арыз түсіп, күдікті ұсталған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove