Болат Назарбаевтың істеген қылмысы үшін қыл арқан енді кімнің мойнына түспек?

Қаракөз Амантай 13 мар. 2024 16:25 5192

Бүгін Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері Әділет министрі Азамат Есқараевтан марқұм Болат Назарбаевтың төңірегіндегі дауға алдағы уақытта кім жауап беретінін сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналистердің бірі министрге "Марқұм Болат Назарбаевтың тірі күнінде істеген қылмыстарына қатысты арыздар түсіп жатыр. Оның ішінде ауыр қылмыстар да бар. Болат Назарбаевтың қылмысына кім жауап береді?" деп сұрақ қойды.

Азамат Есқараев журналистердің бұл сауалына қысқа жауап қайырды.

"Бұл іс бойынша құқық қорғау органдарына жүгіне аласыз. Біз – азаматтық органбыз. Бұл сұрақ менің құзыретіме кірмейді", - деді Әділет министрі.

Еске салайық, Болат Назарбаев 2023 жылдың қарашасында созылмалы ауру салдарынан қайтыс болды. Оның қазасынан кейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жасаған болатын.

"Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді.Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рақмет", - делінген жазбада.

 


Рекомендовать
Последние новости