Блогерлер Риддердің мектеп-интернаттағы жағдайды өз көздерімен көрді (видео)

Dalanews 26 янв. 2023 10:24 861

Күні кеше бір топ блогерлер Риддер қаласындағы «Шаңырақ» мектеп-гимназиясындағы жағдайды өз көздерімен көру үшін білім беру мекемесіне ескертпестен келді. Осыған дейін әлеуметтік желіде мектепте апатты жағдайда тұрған қауіпті нысан мен мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегені жайындағы ақпарат тараған болатын.

Өңірдегі белсенді блогерлер жағдайды көзбен көріп, әлеуметтік желіде тараған қаңқу сөздік рас-өтірігін анықтау үшін мектепке бас сұқты. Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық деп бекер айтпаған ғой.

Блогерлер оқушылар сабақ оқып жатқан кезде жағдаймен танысып, мұғалімдер мен оқушыларымен тікелей тілдесті. Олар мектептегі ахуалмен танысқаннан кейін әлеуметтік желіде жазылғандай жағдайдың мүшкіл емес екенін көздерін жеткізді.

Осылайша блогерлер мектепте жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқанына куә болды

Ал әлеуметтік желіде жазылғандай балалардың өміріне қауіп төндіріп тұрған апатты нысан анау айтқандай балалардың өміріне қауіп төндіріп тұрмағанына көз жеткізді.

Нысанды сүріп тастау үшін мектеп ұжымы тиісті құжаттарды дайындап жатқандарын алға тартты. Заң бойынша қандай бір нысанды сүріп тастау үшін арнайы құжаттар дайындау керек. Тиісті құжаттар дайын болғаннан кейін нысан сүрілетінен мектеп басшылығы ескертті.

Видео осында


Рекомендовать
Последние новости