Түркістан облысына таяу арада 349 вагон көмір жеткізіледі

Dalanews 26 янв. 2023 12:12 1037

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 1618 тонна көмір қоры бар. Оның ішінде: Сарыағашта – 1311, Созақта – 100, Арыста 207 тонна көмір жинақталған. Кеше 49 вагон көмір түсті. Бүгін 102 вагон түсуде. Жалпы 349 вагон көмір жолда келе жатыр. Бұл туралы брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай баяндады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап..

– Түркістан өңірінде 26 көмір қабылдайтын темір жол тұйықтары, 21 көмір тасымалдайтын мекеме бар.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан, қала әкімдіктері өз елді мекендерінде орналасқан темір жол тұйығы немесе база, склад, қоймаларға халықты тұрақты көмірмен қамтамасыз ету үшін көмір жеткізуші, сатушылармен тиісті жұмыстар атқаруда.

Рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «ҚТЖ» және кен орындарымен бірге келіссөздер өткізіп, Түркістан облысына көмір жеткізуді ұлғайту жөнінде келісімге келдік.



Көмірді жеткізу 60-70 вагоннан бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады, негізгі бөлігі жылыжайларға Сарыағаш ауданына жөнелтіліп жатыр. Көмір тапшылығы жоқ, – деді Арман Шәріпбайұлы.


Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасары өз сөзінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ішкі нарықты әсіресе шалғайдағы елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізгенін атап өтті.

– Өңірлік операторлардың көмірді жеткізу жөніндегі қызметін талдауды және делдалдарсыз әлеуметтік объектілермен халыққа кен орындарынан тікелей көмірді жеткізудің жаңа тетігін пысықтауды тапсырды. Бұл бағытта жұмыс жүреді. Жылыту маусымының барысы және көмір мәселесі тұрақты бақылауда. Кейбір аймақтарда анықталған кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізіліп, көмір қорын жеткізу және жылыту маусымы тұрақты бақылауға алынған, – деді А. Жетпісбай.

Рекомендовать
Последние новости