Белгілі сарапшы Асхат Ниязовтың мәлімдемесіне қатысты Бас прокуратураға өтініш түсірді

Ақтоты Жапатова 20 окт. 2025 19:00

Сарапшы Айбар Олжаев белгілі тележүргізуші Асхат Ниязовтың адамның жыныс мүшесіне тақия кигізу туралы сөзі қоғамның ашуын туғызғанын айтып, бұл жағдайға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға өтініш жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Онда ұлт араздығын қоздыру элементтері бар ма, жоқ па, соны анықтау үшін Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша экспертиза жасауға өтініш түсірдім. Бұл 100 пайыз іс қозғалады дегенді білдірмейді. Құзырлы орган қылмыстық құрам бар ма, жоқ па — соны анықтайтын болады», — деді Олжаев.

Оның айтуынша, бұл жағдай әзіл ретінде айтылған болуы мүмкін, дегенмен мұндай “әзілдер” қоғамды біріктірмей, керісінше араздық тудыруы ықтимал.

«Мүмкін бұл жай әзіл шығар. Бірақ әзіл адамдарды жауластырмауы керек. Керісінше жақындастыруы тиіс еді», — деп түйіндеді журналист.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Асхат Ниязовтың видеосы тарап, онда ол тақия мен ұлттық рәміздерге қатысты даулы пікір білдірген еді. Бұл сөз қоғамда кең талқы тудырды.


Рекомендовать
Последние новости