Белгілі кәсіпкер Бахаридин Аблазимов су тасқынынан зардап шеккендерге 2,7 миллиард теңге бөлді

Dalanews 22 апр. 2024 16:03 2178

Кәсіпкер Бахаридин Аблазимов және оның компаниялар тобы елдегі бірқатар өңіріндегі су тасқынынан зардап шеккендерге 2,7 миллиард теңге бөлді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаражат зардап шеккен аймақтардағы маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, жаңа үйлер сатып алуға және салуға бағытталады.

Көмекті дұрыс пайдалану мақсатында қаражат "Демеу Қазақстан Қорының"арнайы шотына аударылатын болады.

Наурыз айының басынан бастап "ҚазАзот" АҚ, "Матен Петролеум" АҚ компаниялар тобы 100 миллион теңгеден астам қаражат, оның ішінде шығыс материалдары мен гуманитарлық көмек түрінде - 70 миллион теңгеден астам қаражат бөлді, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен кеткен еріктілердің шығыстарына 30 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Біз су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге алғашқы күннен бастап көмек көрсетіп келеміз. Мен бұл сынақты бірліктің арқасында жеңетінімізге сенімдімін, - деді кәсіпкер.

Бахаридин Аблазимов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынының салдарымен күресте күш-жігерді біріктіру жөніндегі бастамасын қолдайды.


Рекомендовать
Последние новости