Бақылау күшейеді: енді Қазақстанда жасырын табысты енді жасыру мүмкін емес

Көркем Алдабергенова 19 сент. 2025 14:41

Қазақстандықтардың жасырын табысын Қаржы министрлігі анықтайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрлік «Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен анықтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Құжат салық жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған. Жобаға сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары бұл тетікті салық төлеуші есеп жүргізу тәртібін бұзған жағдайда, сондай-ақ есептік құжаттарды жоғалтқан немесе жойған кезде қолдана алады.

Жанама әдістің мәні мынада: бастапқы құжаттар болмаған немесе бұрмаланған жағдайда салық органдары балама дереккөздерді пайдаланады.

Атап айтқанда, салық төлеушінің активтері мен мүлкі, міндеттемелері, айналымдары, кірістері, шығындары мен жұмсаған қаражаттары туралы ақпарат негізге алынады.


Рекомендовать
Последние новости