Пәкістаннан көмек сұраған қандастар Қазақстан үкіметінен күдер үзді

Көркем Алдабергенова 19 сент. 2025 09:19

“Пәкістанда 300 қазақ бармыз, бізді алып кетіңіздер” деп көмек сұраған азаматтар Қазақстан үкіметінен күдер үзген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы көмек сұрағандардың бірі - Хамит Жорабай жазды.

"Біз, Пәкістанның Карачи қаласының қазақтары, 20 күннен бері үйімізде қамалып отырмыз. өмір сүру өте қиын болды. Қазақстан үкіметінен ешқандай жауап алған жоқпыз. Балаларымыздың жағдайы өте ауыр болып кетті. Соңғы бірнеше күнде 30 адам елден шығарылды. Біз де өзімізді Пәкістан полициясына тапсыруды ұйғардық. Бізді депортацияласа жақсы болар еді. Сізге, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне және құрметті елшіге рахмет. Сіз бізге көп көмектестіңіз", - дейді Жорабай. 
 
Ол "балаларымыз енді өздерін қазақпын деп есептемейді деп ойлаймын" дейді.
Еске салайық, бұған дейін

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Пәкістандағы қазақтардың тағдырына алаңдаулы екенін айтып, оларға шұғыл көмек көрсетуге шақырды.

"Пәкістанның Карачи қаласынан Хамит «Жорабай деген қазақ бауырымыз хабарласты. Оның айтуынша, осыдан 2 жыл бұрын 40 жанұя, 300 қазақ Ауғанстаннан Пәкістанға босып барған. Оларға Қазақстанның Пәкістандағы елшісі келіп, жағдайды көріп, көмектесуге уәде берген. 30 тамыз күні Пәкістан осы 300 қазақты қайтадан Ауғанстанға депортациялайтындарын мәлімдеген", - деді депутат.

Саиров бірден cыртқы істер министрлігіне хабарласқанын мәлімдеді.

"Ведомство бұл жағдай туралы білетінін, алайда көмектесе алмайтындарын мәлімдеді. Айтуларынша, азаматтардың қолында «ұлты қазақ» деген анықтама жоқ. Бұл мәселені шешу үшін қайтадан Ауғанстанға барып, қажет анықтаманы алу керек екен. Ол елге барса, жағдайлары өте қиын болады. Сондықтан мен Үкімет басшысы Олжас Бектеновке, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге үндеу жариялаймын. Қан су емес. Біз иісі қазақты құтқаруымыз керек. Құрметті азаматтар, 300 қазақты көшіруге жағдай жасайық. Егер мүмкіндігіміз болмаса, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасынына өтініш жасау керек. Олар 300 қазақты босқын ретінде мойындаулары керек. Сол кезде аталған азаматтардың қауіпсіздігі шешіледі. Құрметті қауым, қолдауларыңызды сұраймын!", - деп толықтырды ол.


Рекомендовать
Последние новости