Алматыда бір түнде 13 көлікке зақым келді: әкімдік пікірі

Сағыныш Сардарова 17 сент. 2025 15:57

Алматыда бір түнде 13 көлікке зақым келді. Бұл жағдайға қала әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ең үлкен жүктеме Аманжол көшесінде болды, мұнда жол төсемі опырылуы салдарынан 13 көлікке зақым келді.

Әуезов ауданы әкімі аппаратының дерегінше, бұған дейін осы учаскеде "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС мердігерлік ұйымы сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу жұмыстарын жүргізген. "QazaqGaz" АҚ газ құбырының жоспарланған құрылысына байланысты асфальтбетон жабыны толық қалпына келтірілмеген.

"Қазір Аманжол көшесі жабылды. Зақым келген көліктерді эвакуациялау, топырақты шығару және орнын толтыру жұмыстары басталды. Мердігер ұйым зардап шеккен көліктердің иелеріне келген залалды өтеуге міндеттелді. Жағдай әкімдіктің бақылауында", - деді әкімдік өкілдері.

Тағы бір қиындық тудырған учаске - Манас пен Жандосов көшелері қиылысы. Мұнда арық желісі су астында қалған. Әкімдік мәліметінше, арықты тазарту, су ағызу жұмыстары жүргізіліп, қапшықтар мен қоршаулар қойылған.


Рекомендовать
Последние новости