Балқаш маңындағы кен орнында екі кенші қаза тапты

Қаракөз Амантай 07 окт. 2024 09:28 4186

Балқаш маңындағы Саяқ кен орнында қайғылы оқиға орын алды. Деректерге сүйенсек, үш кенші газдан уланып қалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 5 қазанда болды. Уланған жұмысшылардың екеуі қаза тапты, ал үшіншісі ауруханаға түскен.

Қаза болғандар – 34 жастағы Дулат Игембаев пен 23 жастағы Мадияр Тұрысбаев екен.

"Қазақмыс" корпорациясы жағдайға түсініктеме берді. Айтуларынша, барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланған.

"Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

"Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі", - "Қазақмыс" корпорациясы. 

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті фактіні растап, мұны топтық жазатайым оқиғаға жатқызады.

"Осы топтық жазатайым оқиға бойынша комиссия құрылып, арнайы тексеру жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Патриот Қазақстан арнасына.

Саяқ кен орны Қарағанды облысының Балқаш қаласында орналасқан. Онда мыс сульфидті кен өндіріледі.


Рекомендовать
Последние новости