Азия даму банкі мен Ислам даму банкі Қазақстан экономикасы жайлы зерттеу жариялады

Кәмшат Тілеухан 17 окт. 2024 15:51 2838

Қазақстанның шикізат ресурстарынан түсетін табысқа тәуелділікті азайтып қана қоймай, сонымен қатар жоғары қосымша құнға қол жеткізген әлемдік экономика сегменттерінде бәсекеге қабілетті позицияға орнығуға бірегей мүмкіндігі бар. Бұл туралы Азия даму банкі (АДБ) мен Ислам даму банкінің (ИДБ) зерттеуінде айтылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстанның ресурстық экономикасы – жаһандық қосымша құн (ЖҚТ) тізбегі арқылы әртараптандыру" атты есепте табысы орташа деңгейден жоғары мәртебеге ие болғанына қарамастан, Қазақстанның жаһандық қосылған құн тізбегіне қатысуда, онда да соңғы екі онжылдықта қиындық деңгейі төмен және инновациясы шектеулі секторларға басымдық бергені айтылады. Ал бұл ел экономикасын сыртқы тәуекелдерге қатысты осал ете түседі.

"Қазақстанның жаһандық құн тізбектеріне неғұрлым терең сауда-саттық интеграциясы әртараптандырылған және тұрақты экономиканы құруға, сондай-ақ әлемдік экономикалық өзгерістерге, соның ішіне жасыл энергия көздеріне көшуіне жақсылап дайындалуына мүмкіндік береді", - деп атап өтті АДБ-ның бас экономисі Альберт Парк.

Есепте Қазақстанның жаһандық қосылған құн тізбегіндегі өз рөлін нығайта алатын негізгі бағыттары айқындалып көрсетіледі. Олар - тамақ өнеркәсібі, сусындар өндірісі, сондай-ақ машина жасау және көлік жабдықтарымен байланысты сегменттер.

"Сонымен қатар, пайдалы тау-кен өндірісі мен металлургия ел экспортының жылдық көлемінің шамамен 80% құрағанына қарамастан, металл өңдеу секторы тау-кен секторымен салыстырғанда жоғары деңгейді көрсетеді. Осы саланың жоғары қосылған құн сегменттері өсімді жеделдету үшін көбірек мүмкіндіктер ұсынады", делінген құжатта.

Сонымен қатар құжатта Қазақстанның жаһандық қосымша құн тізбектерін толықтай пайдалану мүмкіндігін шектейтін қиындықтарға баса назар аударылады. Мұндай шектеулерді жою үшін мынандай ұсыныстар алға тартылады:

  • сауда-саттық кедергілерін төмендету,
  • сауда-саттық келісімдер аясын кеңейту
  • инновацияларды қолдайтын бизнес ортаны құру,
  • сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тікелей тартуды қолдау.

Есепте цифрлық инфрақұрылымдарға стратегиялық инвестициялар жасау қажеттілігі туралы айтылады. Бұл, ең алдымен, елдің теңізге шығу мүмкіндігінің болмауына байланысты туындайтын сын-қатерлерді еңсеру,  әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін керек.

Айта кетсек, Францияда Қазақстан туралы баяндама жарияланғанын алдында жазған болатынбыз.


Рекомендовать
Последние новости