"Ауданның "Дорожник" деген атауын қайтарыңдар!". Орыс шал әкімге шүйлікті

Dalanews 25 мая 2023 09:55 1072

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде самайын қырау шалған орыстың шалы "Көкмайыс" шағын ауданының Кеңес заманындағы "Дорожник" деген ескі атауын қайтаруды сұрады деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласы әкімінің халықпен кездесуінде жиналғандардың бірі Көкмайыс ықшам ауданына бұрынғы атауын қайтаруды сұрап, әкімге жүгінді.

"Өтінемін, ауданның бұрынғы "Дорожник" деген атауын қайтаруыңызды сұраймыз. Көкмайыс емес, Дорожник болсын! – деп зейнеткер өзінің Кеңестік жүйенің елесімен өмір сүретінін байқатты.


Айтпақшы, орыс шалдың жанындағы кейбіреулер бұл ұсынысты қолдап, қол соққандар да болды. Алайда әкім бұл идеяны қолдаған жоқ.

– Кейбіреулердің Кеңес Одағына сағынышпен қарайтынын қол соғуынан аңғардым, ақсақалдың айтқан ұсынысы оларға ұнаса керек. Бірақ мен мұнымен келіспеймін, – деп Досаев Кеңес заманын аңсайтындарды орнына қойды.

Рекомендовать
Последние новости