Атырауда басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілікті

Көркем Алдабергенова 12 сент. 2025 14:15

Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары, 33 жастағы Талғат Бисенді ҰҚК қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, шенеунік алдыңғы күні Құрманғазы ауданындағы іссапардан оралған. Артынша ол тікелей облыстық әкімдік ғимаратында қолға түсті.

Басылым дереккөздеріне сүйеніп, шенеунік мердігер компания басшысынан пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

"Шенеунікке қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал ақша берген ЖШС жетекшісі ҚР ҚК-нің 366-бабы («Пара беру») бойынша тергелуде. Сондай-ақ мердігер компанияның кеңсесінде және облыстық әкімдік ғимаратында тінту жүргізілді", – делінген хабарламада.

Тергеу барысы

«Ақ Жайықтың» хабарлауынша, әзірге Талғат Бисен қолхатпен босатылған. Алайда тергеу органдары оның бұлтартпау шарасын өзгертіп, уақытша қамау изоляторына жабу мәселесін қарастыруды жоспарлап отыр.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда.


Рекомендовать
Последние новости