Қайтарылған активтердің 5,6 млрд теңгесі қайда жұмсалмақ?

Сағыныш Сардарова 12 сент. 2025 09:25

5,6 млрд теңге көлеміндегі қайтарылған активтер Абай облысындағы медициналық нысандардың құрылысына жұмсалады,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді. Қаражат өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға және медицина сапасын арттыруға бағытталған.

"Үржар ауылында көпсалалы орталық аудандық ауруханаға қосымша корпус салуға және заманауи медициналық техникамен жарақтандыруға жұмсалады. Аягөз қаласында көпсалалы орталық аудандық ауруханаға қосымша корпус салынып жатыр, мұнда магнит-резонанс томограф орнатылады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

 


Рекомендовать
Последние новости